ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАК ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы

«Казақ университеті» 2005

 

 

1.           ҚР БжҒМ 2005 жылдың 30 наурызындағы № 200 бұйрығымен әл-Фараби атындағы Қазақ үлтгық университеті мен жоғары кәсіптік білім берудің жалпыға білім беру бағдарламасының әлеуметтік-ізгілендіру циклы пәндерінің мазмұнына талқылау жасаған жұмыс тобы ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН

2.           ҚР БжҒМ 2005 жылдың 11 мамырындағы    № 289,  12 шілдедегі №480  бұйрықтарымен  БЕКІТІЛДІ  ЖӘНЕ  ІСКЕ   ҚОСЫЛДЫ

3.     ҚР БжҒМ 10 шілде 2002 жылғы № 541 бұйрығымен бекітілген әлеуметгік- ізгілендіру және жаратылыстану ғылыми пәндерінің циклы бойынша пәндердің  типтік оқу бағдарламалары  ОРНЫНА  ЕНПЗІЛГЕН

4.     Типтік оқу бағдарламалары ҚР БжҒМ 2004 жылдың 7 шілдедегі №671 бұйрығымен бекітілген мемлекетгік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бакалавриат пен магистратура мамандықтарына сәйкес әзірленген.

5.           Типтік оқу бағдарламаларын ҚР БжҒМ 2005 жылдың 20 сәуіріндегі Жоғары және жоғарыдан кейін білім берудегі республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде (РОӘК) баспаға ұсынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім жене ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы типтік бағдарламаларын көбейтуге жөне таратуға болмайды

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы білім беру пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары.

-Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 304 бет.

© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2005.

 

 

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

заң ғылымдарының кандидаты,  доцент  Амирханова И.В.

заң ғылымдарының кандидаты,  доцент  Бусурманов Ж.Д.

заң ғылымдарының кандидаты,  доцент  Толеубекова Б.Х.

заң ғылымдарының кандидаты,  доцент  Турлаев А.В.

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

«Құқық негіздері»  пәнін оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті  жетілдірудің  қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оқушылардың әлемдік танымын  қалыптастыру,  қоғамдық және  құқықтық мәдениет  және  жеке құқық  танымын  жоғарылату.

Оқу пәнін  оқыту  мақсаты қазіргі  қоғамның  қажеттілігі  мен  мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң  мамандығын алмайтын  студенттерге мемлекет  және құқық  теориясының  негіздерін меңгеру,  ұлттық  құқықтың  жетекші  салаларының  шеңберінде  қажетті білім  беру.  Бұдан басқа міндет  ретінде:  қоғам  өміріндегі мемлекет  пен құқықтың  орны мен ролін  анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық  жүйесінің  дамуының  алғышартымен және  мәселелерімен таныстыру,  қазақстандық мемлекеттік - құқықтық механизмнің  жетілдірілуінің  саяси - құқықтық  жолдарын  анықтау,  субъективтік құқықтар мен  субъективтік юридикалық  міндеттерді  жүзеге асыруға  қажетті  тәжірибені  жинақтауға үйрету.

Оқу пәнінің мамандарды  дайындауға  маңызы мен ролі.  Құқық  негіздері  болашақта  өздерінің  азаматтық  құқықтары мен  міндеттерін іске  асыру үшін,  еңбекке  құқығын жүзеге асыру,  қоғамның және  еліміздің  қоғамдық - саяси  өміріне  белсенді қатысуға,  оқушыларға заң  білімдерін кешенді  нысанда  меңгеруге  мүмкіндік  береді.

 Оқу курсын оқу  барысында студент  кем дегенде  мынадай білімді  алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының  нормаларының  жүйесін;  мемлекет және құқық  теориясының  негізгі анықтамалары  мен  категорияларын,  азамат пен  адамның құқықтары мен еркіндіктерін  жүзеге асыратын  салалық заң  шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің  негізінде  студент ажырата  білуі қажет: құқықтық институттарды  оларды қамтамасыз  ететін  нормаларды; құқықтық қағидаларды,  оларды қамтамасыз ететін  кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент  алған білімін  тәжірибеде дұрыс  қолдана білу,  қалыптасқан  құқықтық  қатынастарға  құқықтық  нормаларды қолдана  білу,  әлеуметтік- құқықтық   құбылыстарды  параллел мен  ұқсастық  жолымен мәнін  анықтау.  Алған білім және  тәжірибе студеттерге заң  шығарушылық  базаны құқықтық  қатынастарға  дұрыс  қолдана білуге,  саралай  білуге және  сол  салаға  тиістілігін  анықтай білуге  бағытталған  тәжірибе  жинақтауға  мүмкіндік  беруі, сонымен  қатар  юридикалық  емес  мәселелер  шеңберінде  құқық  нормаларымен логикалық өзара  байланысты  ғылыми  негізделген  аргументтерді  теоретикалық – құқықтық көзқарас  пайдасына шешу.

Аталған курсты  оқығанға  дейін  оқушылар орта  және  жалпы білім беру  мектептерінде  алған құқықтық және  тарихи  білімдері қажет.

Құқық негіздері  әлеуметтік - гуманитарлық  пәндер  циклінің басқа  пәндерімен   тығыз  байланысты. Олардың құқық  негіздерімен өзара  байланысы оқудың  негізгі  объектісі - әртүрлі қоғамдық қатынастар.

Құқық негіздері  қоғамдық қатынастарды мемелекттік - құқықтық әсер етудің  нәтижесі ретінде, құқықтық  нормаларды  әлеуметтік  норманың түрі ретінде, мемлекет  қоғамның саяси  ұйымы  ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамдық  құқық пен  мемлекеттің  пайда болуының  және дамуының  саяси, тарихи, философиялық,  әлеуметтік  шарттары мен  алғышарттарын  қарастырады және  ол Қазақстан Республикасында  және әлемде болып  жатқан саяси-құқықтық  құбылыстарды кешенді  түсінуге  мүмкіндік береді.

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

Құқық негіздері мемлекет және  құқық  туралы  білімнің негізін құрайтын  кешенді оқу пәні. Құқықтық  білімдер  жүйесінде  құқық  негіздері негізгі  орындардың бірін алады,  себебі құқық негіздері  мемлекет және құқық  теориясының негізгі  түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың  жетекші салаларын енгізетін  кешенді оқу пәні. «Құқық негізі» заң  мамандығын алмайтын  студеттерге  арналған  құқық теориясының негізін, Қазақстан Республикасының заң  шығарушылығын  түсіндіретін  жүйелі  оқу курсы.  Құқық негізінің  объектілерінің  жүйесін оқу  мемлекет және  құқық туралы  негізгі білімді  меңгеру үшін  өзіне оқу,  монографиялық,  арнайы және  нормативтік- құқықтық  әдебиеттерді біріктіреді. Аталған пәнді оқу әдісі жоғары білім беру  концепциясына,  негізгі түсініктер  мен  анықтамаларды  меңгеру және  бекітудің  тәсілдері  мен  әдістерінің  жиынтығына,  әлемдік  көзқарастар  мен құқықтық  мәдениетті  қалыптастыратын  қоғамдық – саяси  және құқық қолдану  тәжірибесінен  мәліметтер мен  мысалдар  келтіруге  негізделген. «Құқық негіздерін» оқыту  пәні мемлекет пен  құқықтың пайда болу  және  дамуының  негізгі түсінігін,  қағидаларын  түсіндіретін  мемлекет  және  құқық  негіздері  болып табылады.  Оқу  курсында құқық саласының негізін  қалыптастыратын құқықтық нормалар мен негізгі түсініктер қарастырылады. Негіз құқық теориясының,  мемлекет  теориясының  түсінігі және  анықтамалары, құқық салаларының құқықтық қалыптарының  әр құқық  саласында  жалпы  бөлімде қарастырылған құқық  қалыптарының маңызды мәні,  негізі туралы  түсініктерді  қамтиды.

Адамның және  азаматтың күнделікті  өмірде көп  кездесетін құқық  салаларына:  отбасы, еңбек,  азаматтық  және басқа да  құқық  қатынастарына  көп көңіл бөлінеді. Құқық негіздері  Қазақстанның құқық  жүйесі және оқушылардың  әлемдік көзқарасы  туралы білімді  қалыптастыру  кезінде  маңызды роль  атқарады,  бұл оқу  курсы  барлық  мемлекеттік – құқықтық  құбылыстардың  жиынтығын  нормативтік – құқықтық  нысанда  және құқық  қолдану  тәжірибесінде жүйелі  қарастыруға  мүмкіндік береді.

Құқық негіздерінің  қалыптасуы  мен оның  жетілдірілуі  білгілі бір  кезеңдерден  өтеді. Кеңес дәуірінде  барлық мамандықтардың  студенттері  кеңес құқығын құқық  білімдерінің  негіздерімен  әрекет етіп жүрген  мемлекеттік – құқықтық  механизмдердің  негіздері,  заңның қағидалары  мен  нормативтік – құқықтық  реттеудің  негізгі ұғымдары айқындалатын  басқа да  пәндерді  оқыды. Қазіргі  жағдайда  құқық  негіздері құқықтық  тәрбиенің қажетті  элементі ретінде  көрініс  табады және ҚР – да құқықтық  мәдениетті  көтермелеу үшін, заңдылық  пен  құқықтық  тәртіпті  қамтамасыз  ету  үшін  тиімді  құрал  болып табылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

МЕМЛЕКЕТ, ҚҰҚЫҚ  ЖӘНЕ  МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ  ҚҰБЫЛЫСТАР ТУРАЛЫ  НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

 

«Құқық негіздері» оқу  курсының  жүйесі.

Заңи  пәндердің жүйесіндегі  құқық  негіздері  пәні. Мемлекеттік – құқықтық  құбылыстардың оқу пәні, әдістері, қағидалары. «Құқық негіздері» оқу  курсының  құрылымы. Құқық  негіздерінің басқа  қоғамдық  ғылымдармен  өзара әрекет  етуі  мен  өзара қатынасы. Құқық негіздерінің  теориялық – құқықтық ғылымдармен өзара қатынасы. Қазақстандық негізгі құқық  салаларының құқық  негіздерде  бейнеленуі. «Құқық негіздері»  оқу  курсының қайнар көздерінің жүйесі.

Мемлекет туралы негізгі  түсініктер

Мемлекеттің түсінігі  және  негізгі  белгілері. Мемлекеттің мәнін  білдіретін  мемлекеттің анықтамасына  түрлы қадамдар. Қоғам мен  мемлекеттің өзара  байланысы, азаматтық  қоғамның ролі мен маңызы. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуының  негіздері  теориялары. Мемлекеттің  дамуының Батыстық (Европалық)  және Шығыстық (Азиялық) жолдар. Мемлекеттің  белгілері. Мемлекеттің сыртқы және ішкі фукциялары. Мемлекеттің тарихи  типтері (үлгілері). Мемлекеттің типологиясы. Мемлекеттің нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылыстың нысаны, саяси  режим). Мемлекеттің нысаны – Қазақстан Республикасы.  Қоғамның саяси жүйесі. Құқықтық  мемлекеттің ұғымы және  белгілері. Адамның және азаматтың  бостандығы мен құқықтарын  қорғау мен қамтамасыз  етудегі  құқықтық ролі. Құқықтық мемлекет пен  азаматтық қоғамның арақатынасы және  өзара әрекет етуі. Қазақстан Республикасы  құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде.

 

Құқық және  мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі

         Құқықтық негізгі  белгілірі және  анықтамасы. Құқықтың түсінігін  анықтауға  нормативтік және кең қадам. Құқықтың пайда болуы.  Құқықтың мәні. Қоғам  өміріндегі құқықтың ролі. Құқықтың басқа  әлеуметтік  нормалармен  арақатынасы.  Құқықтың қағидалары. Құқықтың әсер  етуінің  негізгі бағыты.  Құқықтық  нормалардың  түсінігі  және құрылымы.  Құқықтық реттеу: әдісі және механизмі. Құқықтың қайнар  көздері.  Нормативтік құқықтық  актілердің түсінігі мен құрылымы. Нормативтік  құқықтық актілердің иерархиясы. ҚР- да құқықтың әрекет етуі. Құқықтың жүйесі мен  заңдардың жүйесі. Құқықты салаға,  салааралыққа және  институтқа бөлу. Қазақстандық құқықтың негізгі салалары. Халықаралық  құқықтың түсінігі.

Құқықтың қатынастардың түсінігі мен  түрлері. Субъективтік  құқық  және  субъективтік міндет. Құқық субъектісі. Құқық нормаларын  іске асыру. Құқық  қолдану  актісі  мен  сатылары.  Құқық нормасын  талқылау. Құқықтық тиым салу мен құқықтық мәдениет.  Заңдылық пен құқықтық  тәртіптің  түсінігі және қағидалары. Құқық бұзушылықтың  түсінігі мен  түрлері. Қазіргі құқықтың  жүйесі. Қазақстандық құқықтың  басқа  мемлекеттік құқық  жүйелерімен  арақатынасы.

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық

Құқығының негіздері

         Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының  жетекші құқық  саласы ретінде

          Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы -  жетекші және  әмбебаб  құқық саласы. Конституциялық құқық түсінігі – қазіргі конституциялық  құқықты, өкімет, басқару, өзін - өзі басқару  органдарының  жүйесін оқытатың  юридиқалық  жетекші  пәндерінің ретінде.  Конституциялық – құқықтық нормалар және  олардың түрлері. Құқықтық институттар. «Конституциялық құқық», «мемлекеттік құқық», «жария құқық»  түсініктерінің  арақатынасы. Қазақстан республикасының конституциялық құқығының пәні – Қазақстанның және оның  қоғамының құрылымын  анықтайтын мемлекеттік – құқықтық  реалдар. Конституциялық құқықты құқықтық   реттейтін,  құрылатын, жалпы  реттейтін әдістер. Табиғи және  позитивтік құқық  конституциялық құқықтың қайнар  көзі  ретінде. Қазақстан Республикасының  конституциялық құқығының жүйесі – оның пәнің құрайтын қоғамдық қатынастардың құрылымын айқындау.

        

Қазақстан Республикасының Конституциясы -  мемлекеттің Негізгі Заңы.

         Мемлекеттің мәні қоғамның Негізігі заңы ретіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясының  түсінігі және мәні. 1995  жылғы  Қазақстан Республикасының Конституциясы,  оның 1993 жылғы   конституциядан  айырмашылығы – Қазақстандағы көзқарастар мен  ағымдардың, саяси  процестердің, қоғамдық  қатынастардың  дамуының  алғышартын және  дәрежесін  білдіретін саяси және  идеологиялық құжат. Қазақстан Республикасының Конституциясының  тұрақтылығы – заңдылық  негізіндегі  мемлекеттің,  өкіметтің және құқықтық жүйенің  қалыптасуының  негізгі шарты ретінде. Қазақстан Республикасының конституциясының  негізгі белгілері және  қағидалары, оны  анықтайтын  юридикалық  құрылым. Конституцияның  үстемдігі – қоғам заңының  жоғары заңи  қүшінің негізгі қағидаларының бірі. Тікелей әрекет ету – 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының саяси  және тәжірибілік мәні бар  негізгі  құрылымы. Конституция  нормаларының және  халықаралық  шарттардың  және Қазақстан Республикасының әрекет етіп жүрген  нормаларының  арақатынасы.  Қазақстан Республикасының конституциялық  құқығының  қалыптасу  кезеңдері,  жетілдірілу және  даму  тенденциясы.

 

Қазақстан Республикасындағы адамдардың және  азаматтардың

жағдайының конституциялық негіздері

         Жеке  тұлғаның  мәртебесі жеке тұлға мен мемлекет, адам  арасындағы қатынастардың  табиғатын  сипаттайтын  конституциялық – құқықтық  институт ретінде. Қазақстан Республикасындағы  жеке тұлғаның  конституциялық  мәртебесі – адамның және  азаматтардың  еркіндіктері мен  міндеттерінің,  сонымен қатар  заңды  кепілдіктері және  оларды  жүзеге  асыру  құқықтарының  жиынтығы  ретінде. Жеке  тұлғаның құқытық  мәртебесінің  негізгі түрлері: жалпы ( конституциялық) құқықтық мәртебе,  арнайы құқықтық мәртебе, жеке құқытық мәртебе.  Жеке тұлғаның құқықытық  мәртебесінің  жалпы  қағидалары:  адам мен азаматтың  құқықтарының  теңдігі; адамның құқықтарының  және  еркіндіктерінің  иеліктен  шығарылмайтындығы және абсолюттілігі;  жеке  тұлғаның  құқықтары  мен еркіндіктерінің  кепілдіктері.

          Адам мен азаматтың конституциялық құқық, еркіндік және  міндеттер  жүйесі.  Алдам мен азаматтың  құқықтары мен  еркіндіктерінің  экономикалық, саяси,  юридикалық және  әлеуметтік  кепілдіктері.

         Азаматтылықтың жалпы сұрақтары.  Азаматтық азамат пен мемлекеттің  арасындағы  қатынасты,  тұлғаның  мемлекетпен  байланыстылығын  және  тиістілігін  білдіретін түсінік  ретінде. Қазақстан Республикасының  азаматтығының  қағидалары:  жалпы және  арнайы. Жалпы қағидалар:  заңдылық, тең  құқылық, құқытар  мен  міндеттердің  біртұтастығы.  Арнайы қағидалар:  біртұтас  және тең азаматтық, екі  азаматтықты тану,  азаматтықты  таңдау  еркіндігі және  бостандығы, «қандық құқығы», «аумақтық»,  мемлекеттің  азаматтарды қорғау  кепілдігі,  өз  азаматтарын шет  мемлекеттерге  беруге жол  бермеу т.б.

         Азаматтықты алу және тоқтату.  Қазақстан Республикасындағы шетел  азаматтарының  құқықтық  жағдайы. Қазақстан республикасының Президентінің  азаматтықты сақтау,  азаматтықты  қалпы келтіру,  қабылдау  сұрақтары  бойынша  өкілеттілігі.

 

 

Қазақстан Республикасының  конституциялық  құрылымының  негіздері

         Қазақстан республикасының  конституциялық  құрылымының  түсінігі. Қазақстан Республикасы -  егеменді, демократиялық, құқықтық, зейырлы және әлеуметтік мемлекет. Қазақстан Республикасының  қызметінің  негізгі қағидалары:  қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, халық  игілігі  үшін  экономикалық даму, қазақстандық  патриотизм  мемлекет  өміріндегі,  маңызды  сұрақтарды  шешудің  демократиялық  әдістері.

         Басқарудың  республикалық  нысаны.  Қазақстан республикасында  президеттік  басқару  нысанының  қалыптасу және  даму  кезеңдері:  советтік-парламеттік  республика ( 24 сәуір – 20 шілде 1990 ж.);  советтік- президенттік республика  (20 қараша 1990-28  қаңтар 1993 ж.);  жартылай президенттік  республика (28  қаңтар 1993 ж. – 5  қыркүйек 1995 ж.);  президенттік  өкілеттілігі  күшейтілген  президенттік республика (30 тамыз 1995 жылдан  қазіргі  кезге дейін).

         Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  құрылымының  зайырлы  нысаны. Қазақстан Республикасының  ұлттық -  мемлекеттік  нысанының  негізгі  белгілері:  егемендік;  аумақтық және  мемлекеттік бірлік және  бұртұтастық; біртұтас  құқықтық режим;  мемлекеттік  биліктің  легитимдік  органдарының  жүйесі; біртұтас  конституциялық – құқықтық жүйе; біртұтас  азаматтық;  біртұтас  несие  - ақша  жүйесімен  біртұтас  экономикалық  кеңістік; абсолюттік  халықаралық  құқықсубъектілік.

         Мемлекеттің Басшысы және  лауазымды  тұлғасы  ретіндегі Қазақстан  Республикасы Президентінің  конституциялық – құқықытық  мәртебесі. Оның  мемлекеттік  билік  жүйесіндегі  орны және  ролі. Қазақстан Республикасының  Парламентінің заң  шығару функциясын  жүзеге  асыратын  жоғары орган  ретіндегі  конституциялық – құқықтық  мәртебесі.

          Қазақстан Республикасының  конституциялық  Кеңесі  конституциялық  бақылау  органы  ретінде. Қазақстан Республикасында  конституциялық    бақылау  институтының  қалыптасуы. Қазақстан Республикасының  конституциялық Кеңесінің уәкілеттілігің құқықтық  негіздірі.

         Қазақстан Республикасының  сот  билігінің  конституциялық -  құқықтық  негіздері. Қазақстан Республикасының сот билігі: билік  бөлінісіндегі  түсінігі,  мәні, орны.

          Жергілікті  мемлекеттік  басқару және  жергілікті  өзін - өзі  басқарудың  конституциялық – құқықтық  негіздері.  Жергілікті басқару  өзін - өзі басқару  органдарының  жетілдірілуінің  тенденциясы және перспективасы.

 

         Қазақстан Республикасындағы  сайлау  жүйесі

         Қазақстан Республикасың  сайлау  құқығы:  түсінігі,  қағидалары және  еркешеліктері. Сайлау  жүйесінің  түсінігі және  түрлері. Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  процесін  ұйымдастырудың құқықтық  негіздері (сайлаудың  тағайындау;  сайлаушылар  тізімін  құру; сайлау округтері; сайлау  учаскелері; сайлау  органдары;  депутаттыққа  кандидаттарды үсыну және  тіркеу;  сайлау  алдындағы үгіт;  сайлауды  қаржыландыру;  дауыс  беру тәртібі;  дауысты есептеу;  сайлау  нәтижесі және оны  жариялау).

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ СОТ

         Қазақстан Республикасында  құқық қорғау  органдарының  қызметтінің және ұйымдастырылуының негіздері

         Қазақстан Республикасының құқық қорғау  органдарының жүйесі. ҚР Конституциялық Кеңесі:  оның  мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны, ролі, маңызы және функциясы. ҚР Әділет министрлігі және органдары; жұйесі, құрылымы, орны,  мақсаты,  міндеттері. ҚР Прокуратурасы: жүйесі, құрылымы, функциясы. Заңдылыққа жоғары  қадағалау: түсінігі, жүзеге  асыру нысандары, қызметтінің қағидалары. ҚР – дың Ішкі істер министрлігі: органдарының жүйесі, мақсаты және  міндеті. ҚР ІІМ органдарының қызметінің қағидалары. ҚР қауыпсыздық комитеты:  органдарының жүйесі, мақсаты және міндеті. ҚР Президенттік қүзет  қызметі:  қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары. Адвокатура және нотариат- түсінігі,  түрлері. Өзге де құқық қорғау  органдары.  

  Бөліну функциялары құқыққорғау органдарының жүйесінің  негізі  ретінде. Құқыққорғау органдарының  бағыныштылығының  иерархиясы,  олардың  өзара  әрекет  етуінің  негізі,  мақсаттарының  біртұтастығы,  міндеттерді шешу  құралдары және  тәсілдері.

Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі

Сот органдарының  қызметінің және  ұйымдастырылуының құқықтық  негіздері.  Соттың  мемлекеттік  органдар  жүйесіндегі  орны, ролі және  маңызы. ҚР- ті сот жүйесі: 1) аудандық және  оған  теңестірілген соттар; 2) облыстық және оған  теңестірілген соттар;  Қазақстан Республикасының  Жоғары Соты; 4) арнайы соттар.

Соттардың ұйымдық және  ресурстық қамтамасыз етілуін жүзеге  асыратын органдар.

Жоғарғы сот  мемлекеттің жоғары сот  органы ретінде. Жоғары сот  жанындағы ғылыми – кеңес беру советі және  басылым  органы.

Сот органның құрылымы: алқа  (азаматтық және  қылмыстық  істер  бойынша  бақылау):  соттың  пленарлық мәжілісі.

Соттың қызметін және ұйымдастырылуының қағидалары,  соттардың  кепілдіктері және тәуелсіздігі. Сот  лауазымына  кандидаттарды  таңдау  тәртібі.

Сот әділдігін жүзеге асыру – Қазақстан Республикасының соттарының  негізгі функциясы ретінде.

Сот  жүйесінің даму және жетілдірілу жолдары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

Мемлекеттік басқару негіздері

Мемлекет басқару субъектісі ретінде. Мемлекеттік  басқарудың объектісі мемлекеттің негізгі  сипаттамалары, мемлекеттің қоғамдық функциялары.

Басқарылытың объктілер. Мемлекеттік басқару теориясы ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері және  категориясына  теоритиктердің және әкімшілік құқық ғылымдарының көзқарастары.

Мемлекеттік басқарудың конституциялық  қағидалары. Объективтік қағидалары. Заңдылық қағидалары. Мемлекеттік  басқаруды құқықтық  регламентациялау қағидалары. Мемлекеттік  басқарудағы  билікті бөлу қағидасы. Жариялылық қағидасы. Мемлекеттік  қызметтің  кәсібилік қағидасы.

Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.

Мемлекеттік басқару қағидаларын қолдану.

Мемлекеттік басқару жүйесі, ұйымдастырылуы және  нысаны

Мемлекеттік басқару жүйесі түсінігі,  пәні және міндеттері. Мемлекеттік басқару  жүйесі құрылымы.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  басқару жүйесінің  қалыптасуы және құрылуы. Мемлекеттік басқару жүйесін  реформалау  кезеңі  және  оның бағыттары. Мемлекеттік  басқарудің қазіргі  мемлекеттік  саясаты.

Мемлекеттік басқарудың  біртұтас жүйесін  қалыптастыруға негізгі  концептуальдық  алғышарттар. Орталық,  аумақтық,  салалық басқару.  Мемлекеттін аумақтық саясаты. Қазақстанда өзін - өзі  басқаруды қалыптастыру.

 Мемлекеттік  бақылау  мемлекеттің  басқарудің  ұйымдық құрылымы ретінде. Мемлекеттік  басқарудың  функционалдық құрылымы  және оның  құқықтық  регламенттелуі.

Мемлекеттік басқарудің ұйымдық нысандары. Мемлекеттік басқарудың  құқықтық  нысандарының  негіздері. Мемлекеттік  басқару  актілері.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Әкімшілік құқық пәні,  әдісі және жүйесі

Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі.  Әкімшілк – құықтың  нормалар ұғымы  және  түрлері,  оларды  жүзеге  асыру.  Әкімшілік құқықтың қағидалары.

Әкімшілік құқық  субъектілері түсінігі және  олардың  түрлері.

Заңды тұлға  түсінігі  және  негізгі  ерекшіліктері. Заңды  тұлғаларыдың  түрлері  және  нысандары. Мемлекеттік  кәсіпорын.

Атқару  органдарының  түсінігі және  құқықтық  мәртебесі. Атқару билік саласындағы  Қазақстан  Республикасы Президенті  өкілетілігі. Қазақстан Республикасының Өкіметі.

Мемлекеттік  қызыметкерлер

Қазақстан Республикасындағы мемликеттік  қызмет ұғымы және қағидаттары.Мемлекеттік қызымет  туралы  құқықтану  актылердың жүесі. Мемлекеттік қызметшілерді  сипаттайтын негізгі  белгілер.  Мемлекеттік қызметшілерді  топтастыру.  Мемлекеттік  қызметшілердің  құқықтары  мен міндеттері.  Мемлекеттік  қызметті  топтастыру  негіздері.   Мемлекеттік  қызметшілерді  заңдық  жауапкершілікке  тарту түрлері.

Әкімшілік – саяси  аяны  басқару

 Қорғаныста  басқарудың  ұйымдастыру – құқықтық  нысаны. Қорғаныста  басқарудағы  жергілікті  өз-өзі  басқару органдарының  өкілеттігі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін  жасақтау  Әскери қызмет.

Ұлттық қауіптілікті  басқарудың ұйымдық – құқықтық  нысандары.  Ұлттық  Қауіпсіздік  туралы  Қазақстан Республикасы заңнамасы.  Сыбайлас жемқорлықты  қарсы күрес туралы.  Мемлекеттік комисия  және  Қауіпсіздік Кеңесінің  міндеттері.  Ұлттық  Қауіпсіздік Комитеті: органдары олардың  ұйымдық  құрылымы. ҰҚҚ  органдарвының  құқықтары  мен  міндеттері. ҰҚҚ  органдарында  қызметпен  өту тәртібі. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы және  ұйымдасқан  қылмыспен күрестегі  ҰҚҚ  органдарының  орны мен ролі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету жүйесінің  бөлігі ретінде  сырқы  барлау қызметі. Президенттің күзет қызметінің   негізгі  міндеттері.

Ішкі істерді  басқарудің  ұйымдық-құқықтық нысаны. Қазақстан Республикасының  ІІМ  қызметінің құқықтық регламенті. Қоғамдық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғаудағы  және ішкі  істер  аясындағы  жергілікті өзін-өзі  басқару органдарындағы қызмет.Ішкі әскер.  Қазақстан Республикасындағы паспорттық режимді  қамтамасыз ету.  Рұқсат беру  жүйесіндегі және  мемлекеттік  күзет қызметін  жүзеге  асыруы. Қазақстан Республикасының ІІМ қызметі.  Әділет мемлекет  істерін басқару  саласы ретінде. Әділет туралы Қазақстан Республикасының  заңнамасы. Қазақстан Республикасының Әділет  министрлігінің  құқықтық және ұйымдық  құрылуы.

Азаматтық  хал  актілерін тіркеу.  Норатиалдық  қызметті  ұйымдастыру.  Адвокатура. Әділет  министрлігінің  тергеу  органдарының  құқықтыры мен  міндеттірі. Сот  орындаушылары  мен сот  приставтары мен құқықтық  мәртебесі.  Білім беру  жүйесінің  түсінігі мен  ұйымдардың негізі.  Білімді басқарудан ұйымдық  нысаны. Білім беру  саласындағы  жергілікті  басқару  органдарының  құзыреті.

 Білім беру  мекемелерін басқару. Білім беру  мекемелерінің  қызметің  мемлекеттік  бақылау.

Денсаулық сақтау  басқарудың  түсінігі мен ұйымдастырылу негіздері. Денсаулық сақтау  саласын  мемлекеттік  басқару жүйесі. Жергілікті  өзін-өзі  басқару органдары  денсаулық  сақтау  саласындағы ролі.  Санитарлық  эпидомологиялық  бақылау.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Жалпы ережелер

Азаматтық құқық түсінігі. Азаматтық  құқытық – реттеу пәні, әдісі. Азаматтық – құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері. Азаматтық заңдар.

Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде. Азаматтардың құқық қабілеттілігі. Азаматтардың әрекет  қабілеттілігінің  түсінігі және түрлері. Заңды  тұлғалар  азаматтық құқықтың  субъектісі ретінде, олардың түрлері. Мемлекет  азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде.

Мәмілелер  және  азаматтық құқықтық  қатынастардың  пайда болуының  өзге де  негіздері. Мәміле нысаны. Мәмілені тіркеу.  Мәміленің  жарамсыздығы, мәмідені  жарамсыз деп танудың құқықтық салдары.

Азаматтық құқықтарды  қорғау және асыру. Азаматтық құқытағы  мерзімдер.

 

Қазақстан Республикасында нарықтық  қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуын  қамтамасыз  етуді құқықтық реттеу. Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі, түрлері және ұйымдық – құқықтық нысандары. Шағын, орта және ірі  бизнестің  субъектілері. Жеке кәсіпкерліктің жалпы  сипаттамасы.

Мемлекеттің кәсіпкерлік қатынастарға  қатысуының құқықтық нысаны. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік құқықтық реттеу әжістері. Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі кепілдіктері, кәсіпкерлік қызметті қорғаудың құқықтық және қолдаудың нысаны. Шағын кәсіпкерлікті Мемлекеттік қолдаудың бағыттары.

Меншік құқығы және де заттық құқықтар

Меншік құқығының түсінігі. Меншік  иесінің  өкілеттіліктері. Мүлікті күтіп ұстау  ауыртпалығы. Меншік құқығының пайда болының және тоқтатылуының негізгі тәсілдері. Мүліктің кездейсоқ  жойылуының және бүлінуінің қаупі.

Қазақстан Респудликасының заңдары бойынша меншік  нысандары.  Мемлекеттік  меншіктің түрлік  сипаттамасы. Жеке  меншіктің түсінігі және түрлері.

Өзге де заттық құқықтың түсінігі және түрлік сипаттамасы. Ортақ  меншіктің түсінігі және  түрлері.  Бірлескен қызмет туралы шарт. Меншік құқығын қорғау.

Азаматтардың мүлкіне мұрагерліктің жалпы ережелері. өсиет бойынша мұрагерлік. Мұрагерлік құқықтың негізгі ережелері. өсиет бойынша  мұрагерлік.  Заң бойынша мұрагерлік. Мұрагерлік ие болу.

Міндеттемелік құқық негіздері

Міндеттеменің түсінігі және түрлері. Міндеттемелік құқық жүйесі. Міндеттемелік қатынастардың тараптары және өзге де қатысушылары. Міндеттемені орындау,  міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдеренің жалпы сипаттамасы. Шарт  міндеттеменің  пайда болу негізі ретінде. Шарттың түрлері, үлгілері.  Азаматтық- құқықтық  міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілік.

Шарттық қатынастардың  жекелеген түрлерін құқықтық  қамтамасыз ету. Сатып  алу- сату , бөлшек сатып алу- сату  шарттарының құқықтық  сипаттамасы. Мүлікті жалдау  шарттарының жалпы  сипаттамасы. Мердігерлік қатынастарының құқықтық қамтамасыз етілуі. Мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастарының  түсінігі және  маңызы. Шарттық  міндеттемелердегі  тұтынушылардың  мүдделерін қорғаудың құқықтық негіздері.

Конкурстік міндеттемелер туралы жалпы ережелер. Аукцион және  тендер конкурстық сауданың  нысаны  ретінде.

Зиян келтіру  салдарынан пайда болатын  міндеттемелер  бойынша  жауапкершіліктің түсінігі және  негізі. Жоғары қауіп көздерінің  келтірген  зияны үшін  жауапкершілік. Азаматтың өмірі мен  денсаулығына келтірген зиянды өтеу. Моральдық зиянды өтеу.

Интеллектуальдық  меншік құқығы

 Интеллектуальдық  меншік түсінігі. Интеллектуальдық  меншік  объектілерін қорғауға  байланысты  азаматтық құқықтың  институттары.  Авторлық құқықтың жалпы ережелері. Ғылым, әдебиет  және өнер туындыларының  авторларының құқықтары. Авторлық шарт. Авторлық және сабақтас құқықтарды  қорғау. Өнертабыс, өндірістік үлгі және пайдалы моделге авторлардың құқықтары. Өндірістік меншік объектілерін қорғаудың патендік нысаны. Өзге де интеллектуальдық меншік объектілірін құқықтық қорғау. Интеллектуальдық меншік объектілірін коммерциализациялау. Қазақстанның мемлекеттік  инновациялық  саясатын іске  асырудың құқықтық негіздері.

Қазақстан Республикасының  отбасы  құқығының  негізгі  ережелері

Отбасы құқығының түсінігі. Отбасы-  неке заңдары. Некеге  тұру және некенің тоқтатылуы. Жұбайлардың жеке және  мүліктік құқықтары мен  міндеттері. Жұбайлардың  мүлкі, түсінігі, түрлік сипаттамасы. Неке шарты.

Ата – аналары  мен  балаларының құқықтыры  мен міндеттері.  Бала (қыз) асырап алу. Қамқоршылық және қорғаншылық түсінігі, жалпы сипаттамасы. Отбасы мүшелерінің  алименттік  қатынастары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ

Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері

Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі. Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері. Қаржы қатынастарының сипаттамасы.

Мемлекетің және әуімшілік-аумақтық  бөліністердің қаржылық  қызметінің  түсінігі және құқықтық нысаны.  Қазақстан Республикасының қаржылық құрылымы.  Мемлекеттің қаржы жүйесі және  қаржы  органдары. Қаржылық бақылаудың түсінігі, міндеттері, түрлері және әдістері.

Банкілік несиелердің, ақша  айналымының және  есеп  айырысудың құқықтық  негіздері. Қазақстан Республикасында  валюталық  реттеудің негіздері.

Қазақстан Республикасының бюджет құқығы

Бюджет заңдары. Қазақстан  Республикасының  бюджет жүйесі. Бюджет түрлері және деңгейі. Бюджет құрылымы. Бюджет аралық  қатынастар және бюджет деңгейлері арасында түсімдерді және шығыстарды  бөлу.

Бюджеттік қатынастарды реттеу шеңберіндегі  мемлекеттік  басқару және бақылау. Бюджеттік процесс. Бюджеттік  инвестициялар. Бюджеттік несиелеу.

Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері

Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Салық  төлеушілер, олардың құқықтары және міндеттері. Салық  қызметінің органдары. Салықты  төлеуге  байланысты  басқа мемлекеттік  органдардың  уәкілеттілігі. Бюджетке  төленетін  салықтар  және  басқа да  міндетті төлемдер, түсінігі, түрлері. Салық міндеттемелері. Салық  міндеттемелерін  орындау.  Мерзімінде  орындалмаған  салық  міндеттемелерін  орындауды қамтамасыз  ету тәсілдері. Салық  қарыздарын еріксіз  алу  шаралары. Салық  есебі және  салықтық  есеп  беру  ережелері.

Жалпы және арнайы  салық режимі.  Салықтық  бақылау нысандары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ

Еңбек  құқығы негіздері

Еңбек  құқығы пәні, әдісі, жүйесі және  қайнар көздері. Еңбек құқығы бойынша құқықтық  қатынастар. Еңбекке  орналастыру  және жұмыспен  қамтудың құқытық негіздері. Еңбек құқық  қатынастарының  тараптары. Жеке еңбек шарттары және келісімдер. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты.  Кепілдік пен конпенсация. Еңбекті  қорғау. Еңбек  тәртібі.  Материалдық жауапкершілік.  Еңбек  даулары.

Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы негіздері

Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі,  қайнар  көздері. Қазақстан Республикасының  зейнетақымен  қамтамасыз етудің құқықтық негіздері. Ортастақтан және жинақтаушы  зейнетақы жүйесі.

Жәрдемақы, түсінігі және  түрлері,  төлемдерді және тағайындауды құқықтық  қамтамасыз ету.  Міндетті  әлеуметтік  сақтандырудың құқықтық негізі.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕР  ҚҰҚЫҒЫ  НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының жалпы  ережелері

Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі. Экологиялық заңдардың жалпы  сипаттамасы.  Табиғатты  пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізі қағидалары. Экологиялық құқығының объектілері. Табиғатты пайдалана құқығына,  табиғи  ресурстарға меншік құқығының жалпы сипаттамасы.

Қоршаған  ортаны қорғаудың экологтық- құқықтық және экономикалық  механизмі. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.

Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздері

Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі. Жер құқығының қайнар көздері. Жер құқық өатынастары. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және  жерге  өзге  де  заттық  құқықтыр.  Жер санаттары.

Жер  ресурстарын  басқару. Жер  дауларын шешу. Жер заңдарын  бұзғаны үшін  жауапкершілік.

        

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

 

         Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық  негіздері

         Қылмыстық құқық  материалдық құқықтың негізгі саласы  ретінде.  Оның ұлттық құқық  жүйесіндегі орны,  мәнісі мен  құқықтық  мемлекетті  нығайтудағы  рөлі. Қылмыстық  құқықтың  міндеттері  мен  қағидалары.  Қымыстық заң,  оның  шеңбері,  жүйесі  мен  құрылымы.

         Қылмыстың ( қылмыстық жазалау  әрекеттің)  түсінігі  мен  белгілері.  Қылмысты  саралау. Қылмыстық  жауапкершілік:  түсінігі,  оның  пайда  болу негіздері.  Қылмыстың  құрамы:  қылмыстың объектісі;  қылмыстың  субъектісі;  қылмыстың  объективтік жағы;  қылмыстың  субъективтік жағы.

         Қылмыстық  әрекеттерді  болдырмайтын  мән-жайлар. Қажетті  қорғаныс.  Қылмыскерді  ұстау.  Аса  қажеттілік.  Жауапкершілікті   ауырлататын мән- жайлар.  Жауапкершілікті  жеңілдететін мән- жайлар.

         Қылмыс жасау  сатылары.  Қылмысқа ортақ  қатысушылық. Қылмыстық  жаза: түсінігі,  белгілері мен мақсаты. Қылмыстық  жазаның  жүйесі мен  түрлері.  Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  жауапкершілігі.

         Қазақстандағы  сыбайлас  жемқорлықпен  күресу

Қазақстандағы  сыбайлас  жемқорлықпен  күресудің заңшығарушылық   негіздері. Құқықтық мемлекеттік  нығаюна  бағытталған  мемлекеттік- құқықтық  шаралардың жалпы  жүесіндегі  сыбайлас  жемқорлықпен  күресудің  орны мен  маңызы.  Сыбайлас жемқорлық  қылмыстарымен күресу  аясындағы  мемлекеттік  саясат.

          Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидаттары.

          Сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарының  субъектілері. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты  қылмыстарды жасағаны  үшін жауапкершілік.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

 

         Іс жүргізу құқығының негіздері

         Іс жүргізу құқығының конституциялық негізі.  Іс жүргізу құқығының қайнар көздері. Ұлттық құқық жүйесіндегі іс жүргізу құқығының орны, рөлі  мен маңызы. Сот билігін  жүзеге асыру:  процессуалдық  нысаны,  қаидаттары.  Іс жүргізу  заңдарының  уақытқа қарай, кеңістікте және тұлғалар арасында  әрекет етуі.  Әкімшілік іс жүргізу: оның құқытық  реттеу ерекшелігі.  Мазмұны мен   нысаны  ретінде материалдық және іс жүргізу құқығының  арақатынасы.

         Азаматтық іс жүргізу  құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен құжаттары. Азаматтық іс жүргізу құқық  қатынастар  субъектілерінің  түсінігі. Азаматтық  істерді  соттық  талқылау.

         Қылмыстық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі  мен қағидаттары. Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастар  қатысушыларының (субъектілерінің) түсінігі. Қылмыстық құдалау  және оны жүйене асыратын органдар. Қылмыстық істерді  соттық  талқылау.  Кәмелетке  толмағандарға  қатысты сот  әділдігін  жүзеге асыруерекшілектері. Қылмыстық құдалаудың  басымдылық  пен  иммунитетке  ие  болатын  тұлғалауға  қатысты қылмыстық  сот өндірісінің  ерекшеліктері.  Депутаттық  қол  сұқпаушылық.

 

СЕМИНАР  САБАҚТАРЫНДА  ӨТІЛЕТІН  ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ТІЗІМІ

 

1.     «Құқық  негіздері»  курсының жүйесі. Мемлекет,  құқық  және  мемлеттік- құқықтық құбылыстар  туралы  негізгі  ұғымдар.

2.     Қазақстан Республикасындағы Конституциялық құқығының негіздері.

3.     Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау  органдары мен соты.

4.      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару.

5.     Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық негіздері.

6.     Қазақстан Республикасындағы  азаматтық  және  отбасы құқығының негіздері.

7.     Қазақстан Республикасындағы  қаржылық құқық негіздері.

8.     Қазақстан Республикасындағы  еңбек  құқығы  мен  әлеуметтік  қамтысыздандыру құқығы.

9.     Экологиялық және  жер  құқығының  негіздері.

10.                       Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.

11.                       Қазақстан Республикасының  іс жүргізу құқығы.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН  НОРМАТИВТІК- ҚҰҚЫҚТЫҚ  АКТІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ

 

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 август  1995 ж 7 октябрь  1998  өзгертулер  мен  толықтырулар.

2.      ҚазССР – ның  мемлекеттік  егемендігі  туралы Декларациясы 25 октябрь 1990 ж ҚазССР Жоғарғы  кеңісінің Ведомостісі, 1990 ж № 44

3.      Қазақстан Республикасының Конституциясының заңы  «Қазақстан Республикасының   мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 16. 12. 1991

4.       Қазақстан Республикасының Конституциясының  заңы «Қазақстан Республикасының  сот жүйесі және  сот мәртебесі туралы» 25. 12. 2000

5.      Қазақстан Республикасының Конституциясының  заңы «Қазақстан Республикасының  Президенті туралы» 28. 12. 1995

6.      Қазақстан Республикасының Конституциясының заңы «Қазақстан Республикасының Үкімет туралы» 18. 12. 1995

7.      Қазақстан Республикасының Конституциясының заңы « Республикалық референдум туралы ». 02.11.1995.

8.  Қазақстан Республикасының Конституциясының заңы «Казақстан     

     Республикасындағы сайлау туралы ».28.09.1995.

9.     Қазақстан Республикасының Президенттінің  заң күші  бар Жарлығы «Қазақстан Республикасының Конституциялық  Кеңесі туралы» 29. 12. 1995

10.                       Қазақстан Республикасының қылмыстық  кодексі  16. 07. 1997 ж. Қазақстан Республикасының Парламенттінің  ведомостісі 1997, №15-16.

11.                       Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы  бөлімі) 27. 12. 1994.- Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің Ведомотісі, 1994, №23-24.

12.                       Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексі (ерекше бөлім) 01. 07. 1999. - Қазақстан Республикасының Парламентінің  Ведомостісі, 1999, №16-17.

13.                        Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 30. 01. 2001.

14.                       Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексі 13. 07. 1999.

15.                       Қазақстан Республикасының қылмыстық  іс жүргізу кодексі 13. 12. 1997.

16.                       Қазақстан Республикасының қылмыстық   атқару  кодексі 13. 12. 1997.

17.                       Қазақстан Республикасының Кеден кодексі 30. 04. 2003.

18.                       Бюджетке  төленетін  салық және  міндетті  төлемдер  туралы 12. 06. 2001ж.

19.                       Қазақстан Республикасының Жер кодексі 20. 06. 2003

20.                       Қазақстан Республикасының Су  кодексі 17. 07. 2003

21.                       Қазақстан Республикасының Орман кодексі 08. 07. 2003

22.                       Қазақстан Республикасының нормативтік- құықтық  актілер туралы  заңы 24. 03. 1998

23.                       Қазақстан Республикасының Ұлттық  қауіпсіздігі туралы заңы 30. 06. 1998

24.                       Зокон Республики Казахстана «Об оперативно-розыскной деятельности» принят  1 сентября 1994- Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994г N13-4, ст 199

25.                       Закон Республики Казахстан «О  борьбе с коррупцией» приянт 2 июля 1998 г (Казахстанская правда ) 9 июля 1998 г

26.                       Қазақ ССР-нің «Тұтынушылардың  құқытарың  қорғау  туралы» заңы  05. 06. 1991 ж

27.                       Қазақстан Республикасының Тұрғындарды  миграциялау туралы заңы 13. 12. 1997

28.                       Закон Республики Казахстан «Об  административных  процедурах»  принят 27ноября 2000 года «Казахстанская правда» 30 ноября 2000 года.

29.                       Закон Республики Казахстан «О местном  государственном управлении в  Республики Казахстан» принят 23 января 2001 года «Казахстанская правда» 30 января 2001 года.

30.                       Закон Республики Казахстан «О государственной поддержке малого  предпринимательства» принят 19 июня 1997г – Ведомости Парламента Республики Казахстан 1997 г N12, ст 182

31.                       Закон Республики Казахстан «О  конкуренции  и ограничении  монополистической деятельности» принят 19  января 2001 г – « Казахстанская правда» 25 января  2001 г

32.                       Закон Республики Казахстан «Об индивидуальном  предпринимательстве» принят 19 июня 1997 г – Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г N 12. ст. 185

33.                        Закон Республики Казахстан « О банкротстве» принят 2  января 1997 г –Ведомости  Парламента Республики Казахстан, 1997 г N 1-26 ст7

34.                        Закон Республики Казахстан « О труде  в Республики Казахстан»  принят  10 декабря 1999 г «Казахстанская правда» 24 декабря 1999 г

35.                       Закон Республики Казахстан « О браке и семье»  принят 17  декабря 1998г «Казахстанская правда 1998 г

36.                       Закон Республики Казахстан «О государственной  службе» принят 23  июля 1999г –« Казахстанская правда» 6  августа 1999 г

37.                       Закон Республики Казахстан « Об образовании» принят 7  июня 1999  г – «казахстанскя правда» 11 июня 1999

38.                       Закон Республики Казахстан « О пенсионном  обеспечении в Республике Казахстан» принят 20 июня 1997 г – «казахстанская правда» 28. 06. 1997

39.                       Закон Республики Казахстан «Об охране окружающей среды»  принят 15  июля  1997 г – Ведомости Республики Казахстан , 1997 г N 17-18,  ст 213

40.                       Закон Республики Казахстан « О средствах массовой   информации»  принят 23 июля 1999-« Казахстанская правда» 6 августа 1999 г

41.                       Закон Республики Казахстан «Об авторской праве и  смежных правах»  принят 10  июня 1996 г- Ведомости, 1996 г ., N 8-9, ст. 237

42.                       Закон Республики Казахстан « О жилищных отнощениях» принят 16  апреля 1997 г «Казахстанская правда» 19  апреля 1997 г

43.                       Закон Республики Казахстан « О гражданстве» принят 2 декабря 1991 г « Советы Казахстана» 8 января 1992 г

44.                       Закон Республики Казахстан « Об инновационной деятельности» принят 3 июля 2002 г «Казахстанская правда» 9 июля 2002г

45.                       Закон Республики Казахстан «О политических партиях» принят 15 июля 2002г «Казахстанская правда» 19 июля 2002г

46.                       Закон Республики Казахстан «О правах ребенка в Республике Казахстан» принят 8 августа 2002 г «Казахстанская правда» 13 августа 2002г

47.                       Закон Республики Казахстан « Об обязательном  социальном страховании» принят 25 апреля 2003 г. «Казахстанская правда» 1 мая 2003г.

48.                       Закон Республики Казахстан «Об акционерных обществах»  принят 13 мая 2003г. «Казахстанская правда» 16 мая 2003г.

49.                       Қазақстан Республикасының Заңы «Бағалы  қағаздар  рыногы туралы»  июль 2003 ж

50.                       Закон Республики Казахстан «О  безопастности и охране труда» принят 28 февраля 2004г «Казахстанская правда» 12 марта 2004 г

51.                       Закон Республики Казахстан « О государственной молодежной политике  в Республики Казахстан» принят 7 июля 2004 г «Казахстанская правда» 15 июля 2004г

52.                       Закон Республики Казахстан «О международном коммерческом  арбитраже» принят 28 декабря 2004г «Казахстанская правда» 7 января 2005г

53.                       Закон Республики Казахстан «О третейскх судах» принят 28 декабря 2004г. «Казахстанская правда» 7 января 2005г

54.                       Закон Республики Казахстан «Об обороне  и Вооруженных Силах Республики  Казахстан» принят 7  января 2005 г. «Казахстанская правда» 13  января 2005г.

55.                       Закон Республики Казахстан «Об обязательном  страховании гражданско- правовой  ответсвенности работадателя  за приченение вреда  жизни  и здоровью  работника при  исполнении им  трудовых (служебных) обязательств» принят 7  февраля 2005 г «Казахстанская правда» 12  февраля 2005г.

56.                       Закон Республики Казахстант «О противодействии  экстремизму» принят 18  февраля 2005 г. «Казахстанская правда» 26 февраля 2005г.

57.                       «Бюджетный кодекс Республики Казахстан» принят 24 апреля 2004г.- Ведомости  Парламента Республики Казахстан, № 8-9, 2004 г. Изм. И доп. От 30 декабря 2004г.

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

1.     Послание Президента Республики Казахстан Нурсылтана  Назарбаева народу Казахстана. «Казахстанская правда». 19  февраля 2005г.

2.     Назарбаев Н.А Казахстан – 2030. послание Президента  страны  народу Казахстана – Алматы: Білім, 1997

3.     Концепция правовой  политики Республики Казахстан от 20 октября 2002 г. «Юридическая газета» -2002

4.      Дулатбеков Н.О.,  Амандыкова С.К., Турлаев А.В. Основы государства и права современного казахстана: Учебное пособие.- Астана ИКФ «Фолиант», 2000

5.     Основы государства и права Республики Казахстан. Учебное пособие Отв. Ред. Г.С. Сапаргалиев- Алматы: Жеты Жаргы, 1999

6.     Турлаев А.В. Основы права.- Караганда: Издательство АРКО 2004

7.     Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория  государства и права: Учебное пособие.- Алматы; Қазақ университеті, 2004

8.     Агыбаев А.Н Уголовная Ответственность  за деятельность  злоупотребления в Республике Казахстан.- Алматы, 1995

9.     Каиржанов Е.И уголовное право. Общая часть- Алматы 1996

10.Дауранов И.И Организация  государственного управлени: - Алматы. Издательство НВГИГУ, 1997.-15 с.,  приложения

11.Уваров В.И Теория государственного  управления. Учеб. Пособие.- Алматы:КазГЮА. 2000.-108с.

12.Уваров В.И Теория государственного  управления. Учеб. Пособие.Часть 2:  система государственного управления. - Алматы:КазГЮА 2001-352 с.,

13.Гражданское право  в 3 томах. Учебник для вузов (академический курс). Отв. Ред. М.К Сулейменов, Ю.Г. Басин- Алматы, 2000,2002,2004

14.Антокольская М.В Семейное право:Учебник-М.: Юристь, 1996

15.Амирханова И.В Гражданское – право  обеспечение  развития  предпринимательства в Республике Казахстан.- Алматы: Қазақ  университеті, 2003

16.Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая  часть.-Алматы: Правовая инициатива, 2001

17.Финансовое право   Под.ред. Н.И.Химичева.-М.: Юристь,2004

18.Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан.- Алматы: Интерлигал, 2004

19.Хаджиев А. Х. Земельное право Республики Казахстан.- Алматы: Юрист,2002

20.Толеубекова Б.Х.  уголовно- процессуальное право Республики Казахстан: Часть общая.- Алматы; Жеті жарғы, 1999

21. Толеубекова  Б.Х. Қазақстан Республикасының  қылмыстық  істер  жүргізу  құқығы: Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті жарғы, 2000.